Күлкі дәретті бұза ма?

Күлкі дәретті бұза ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Менің сұрайын дегенім: қатты күлгеннен дәрет бұзыла ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Қатты күлкі, мысалы ахахалап, дәретті бұзбайды. Әрине, күлкі барысында көзден жас шықпаса. Бұл мәселеде ғалымдардың арасында ихтиләф жоқ.

Намаз мәселесіне келер болсақ, бұл орында күлкіні мына тұрғыдан қарастырамыз:

- тек өзі еститіндей күлу. Бұл жағдайда намаз бұзылып, дәрет бұзылмайды;

- қасындағы адам да еститіндей күлу. Бұл жағдайда намаз да, дәрет те бұзылады.

Келесі мәселе!

Намазын жеке оқып жатып күлсе, намаздың бұзылған бөлігін қайта оқиды. Мысалы, песін намазы кезінде төрт рәкәғат сүннетін оқып, соң төрт рәкәғат парызын оқып жатып дауыстап күлсе, онда парызын қайт оқиды. Егер жамағатпен оқып тұрған болса, онда қайта ниеттеніп имамға қайта ұйыды. Мәселе: дереті де бұзылатындай етіп күлгенде дәрет алып келуі тиіс.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға