Білімді Қытайдан іздеу. Хадис пе, аят па?

Білімді Қытайдан іздеу. Хадис пе, аят па?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! «Ілімді Қытайдан болса да іздеңдер» деген хадис пе, аят па?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала іліміңізді арттырсын!

Біріншіден: бұл аят емес.

Екіншіден: хадис ғалымдарының басым көпшілігі бұл сөзді «тоқыма, жалған хадис» деген көз қарасты ұстанған.

Үшіншіден: осы себептен ғалымдардың бірі де бұл хадисті шариғат мәселелерінде дәлел ретінде қолданбайды.

Осы мәселелерді есере отырып мұндай негізсіз сөз тарату былай тұрсын, тіпті айтпаған жөн. Өйткені «хадис» деп, ол ақиқатында жалған болса Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жалғандықты теліген боламыз. Оған қоса білімге ынталандыратын өзге де сенімді, дұрыстығында күмән болмаған хадистер баршылық. Сондықтан ең дұрысы – сондай хадистерді қолдану.

Алла Тағала сізге разы болсын!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға