Ораза ұстасам бола ма?

Ораза ұстасам бола ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Ораза басталып кетті. Бірақ менің ораза ұстау ниетім бар. Сол себепті Рамазанның бір аптасы өткеніне қарамастан ораза ұстай бастасам бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Әрине, болады. Тіпті ол қажет нәрсе!

Негізі Алла Тағала тәубеге келген пендесін жақсы көреді. Сондықтан сіз Рамазанның басынан ораза ұстамағаныңызға өкіне отырып, мәселен ертеңнен ауыз бекіте бастасаңыз нұр үстіне нұр. Өтйкені, біріншіден: сіз Хақ Тағаланың парызын орындай бастайсыз. Екіншіден: тәубеге келгеніңіздің өзі бір құлшылық. Сондықтан Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін. Түсінбеушілік себебінен Рамазанның бірнеше күнін өткізіп алғаныңызға өкініп, тәубеге келіп ауыз бекітуге бел буыңыз. Бұл жағдайда Хақ Тағала сізге разы боларына шәк жоқ!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға