Эпилепсиядам емделгім келеді...

Эпилепсиядам емделгім келеді...

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Мен бір жасымнан эпилепсия ауруына шалдықтым. Қазір 38-демін. Эпилепсиядан Құранмен емделсем бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала дертіңізге шипа берсін! Әмин!

Эпилепсияның түрлі болатыны белгілі. Ол жайында бұл жерде әңгіме етпей-ақ қоялық. Бізге керегі – эпилепсиядан Құранмен дем салып емделсе бола ма?

Біреулер сізге эпилепсияға қатысты түрлі сөз айтуы мүмкін. Сізге айтарым! Оның бәріне құлақ аса бермеңіз. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтқанындай тек екі нәрсенің емі жоқ. Ол – қарттық пен өлім. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Әрбір дерттің емі бар. Дертің емі дұры болса Алла Тағаланың қалауымен дертен саууығып кетеді».

Бар мәселе сіздің ықыласыңыз бен табандылығыңызда. Құранмен дем салдырыңыз және өзіңіз де Құран оқыңыз. Тіліңіз үнемі зікірде болсын! Мен өзім эпилепсия дертінен сауығып кеткен адамдарды көргемін. Ол мүмкін нәрсе. Тек, тағы ескертерім, әркімді тыңдай бермеңіз! Одан да Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сөзіне ден қойыңыз әрі барлық нәрсе Хақ Тағаланың билігінде екенін естен шығармаңыз. Осындай болған жағдайда дертіңізден сауығып кетіп жатсаңыз ғажап емес!

Алла Тағала сізге иманның кемелдігін нәсіп етіп, мінәжатыңызда ықыласты әрі табанды болуыңызды жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға