Ем табу үшін «Фатиханы» оқу

Ем табу үшін «Фатиханы» оқу

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Шипа сұрау үшін «Фатиха» және басқа сүрелерді неше рет оқу керек?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала дертіңізге шипа берсін! Әмин!

Бірінші мәселеде шариғат бойынша Құран сүрелері және аяттарын оқып дем салуға болатындығы жайында айтқан жөн. Бұған дәлел болар аят пен хадистертер баршылық.

Екіншіден: хадистерде «Фатиха» жеті рет оқылатыны жайында айтылған. (Тирмизи)

Бұл жердегі мәселе: «Фатиха» сүресін оқып дем салатын адамның ықыласы мен пейілінде. Біреулер бар, қанша дем салсаң да пайдасы жоқ. Неге? Себебі олар сол демнен пайда болатынына сенбейді. Біреулер бар кез келген дұғаны оқып, тіпті «уа, Алла» деп дем салсаң да шайып кететін. Сондықтан бар мәселе дем салдыратын адамның ықыласы мен пейілінде.

Үшіншіден: дем салудың түрі көп. Мысалы, бір сүре, аят, дұға не болмаса «бисмилләһты» айтып-ақ дем салса болады. Бар мәселе, жоғарыда айтылғандай адамның ықыласы мен пейілінде.

Төртіншіден: әр адам өзіне дем салса болады. Мысалы, үш қайтара «Ихлас», «Фаләқ» және «Нас» сүрелерін оқып, кейін екі алақанына үшкіріп бүкіл денесін (басы, кеудесі, арқасы, екі аяғы) сипап шығады. Бұл жағдайда алақанды әйуретке тигізбейміз.

Қортынды: Құранның әрбір аяты, тіпті әрпінде береке бар. Құран аяттары рухани және физиологиялық дертке шипа. Бұл мәселе күмән жоқ! Сондықтан ықылас қойып «Фатиха» сүресі мен өзге де өзіңіз білген аят-дұғаларды оқып дем сала беріңіз. Саны мәселесіне келер болсақ, қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы! Бұл жағдайда ең абзалы – жүрек, көңілді тыңдау. Яғни, қанша рет оқу керектігін жүрегіңіздің өзі білдіреді.

Дем салудағы маңызды мәселе: пенде әрбір ісінде Алла Тағалаға сүйенуі тиіс. Сондықтан демнің пайдасын тек Хақ Тағаладан күтіңіз.

Хақ Тағала ниетіңізді қабыл етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға