«Ада» намазы туралы

«Ада» намазы туралы

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Келесі намаздың уақыты кіруге 40-45 минут қалғанда «ада» намаз оқылмайды деген пәтуаларды естиміз. Бұл жайлы толығырақ білгім келеді.

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала білімге деген ықыласыңызға разы болсын!

Бұл жерде «ада» дегені «қаза» намазы болса керек. Келесі мәселе: қаза намаз, өзге намаз тәрізді үш жағдайда оқылмайды: күн шығып жатқанда, күн тас төбеде тұрған кезде және күн батып бара жатқанда. Сонымен қатар қаза намаздың өзіне қатысты бір тыйым бар. Ол – бір намаздың уақыты шығуға таяу кезде қаза намазы оқылмайды. Мысалы, бесін намазы сағат 16-50 кіреді дейік. Ал сағат 16-30. Бір себептермен сіз бесін намазын сол кезге дейін оқи алмадыңыз. Осы жағдайда сіз қаза намазын емес, сол кезгі бесін намазын оқығаныңыз дұрыс. Себебі оқымасаңыз, намазыңыз қаза болады. Қаза болғанда да себепсіз қаза болады. Ал намазды себепсіз қаза ету – ауыр күнә.

«40-45 минут» мәселесіне келер болсақ, бұл жағдай түсініксіз. Яғни, өзіңіз айтқандай бұның мәнісін сол пәтуаны айтқан адамдар сұрау керек.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға