Көздің көру қабілетін артыру

Көздің көру қабілетін артыру

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Менің көзім ауырады, яғни алысты көрмеймін. Көздің көру қабілетін жақсартатын дұғалар бар ма екен?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етіп, көз нұрын арттырсын!

Сіздің мәселеңізге қатысты Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

اكْتَحِلُوا بالإثْمِدِ، فإنهُ يَجْلُو الْبَصَرَ ويُنْبِتُ الشّعْرَ

«Исмид сүрмесін қолданыңдар! Өйткені ол ажарды ашып, шашты қатайтады». (Тирмизи)

Исмид – сүрменің түрі.

Сүрме – көзді бояу үшін қолданылатын ұнтақ. Қазіргі күні біздерде мешіттердің жанындағы дүкендерде сатылады. Олардың түрлісі болады.

Исмид сүрмесі бізде бар-жоғын білмеймін. Дегенмен мешіт дүкендерінде сатылатын сүрмені, ем табу ниетімен қолдансаңыз болады.

Сүрме қолданудың пайдасы: түнде көздің айналасына жағу назарды күшейтіп, көздің шаршағанын басады, көз алмасын тазартып, көздің қызарғанын кетіреді.

Сүрмені тек көздің айналасына жағып қана қоймай, ішіне сепсеңіз болады. Сүрме сатып алғаныңызда ішінде сүрмені көзге сепкенге қолданылатын арнайы таяқшасы болады. Сүрмені көзге сепкен кезде біршама ашығандай болады. Бірақ сәл уақыттан соң сүрме жібіп ашығаны басылады. Сонан соң ажарыңыз ашылғанын байқайсыз.

Дегенмен, діннің рухани жағын естен шығармаған жөн. Сондықтан сүрмені қолданудан бұрын: «Бисмилләһ»,-деп Алла Тағаладан шипа тілеуін ұмытпаңыз.

Сонымен қатар ем табу ниетімен білген сүре-аяттарыңызды оқып, алақанға дем салып, кейін алақаныңызбен көзіңізді сипасаңыз болады. Құдай қаласа, берекеті болады!

Сіздің мәселеңізге қосымша мына мәліметті оқысаңыз дұрыс болады: http://www.nurotau.kz/index.php/ma-alalar/item/2877-сүннет-көзді-емдейді

Алла Тағала дертіңізге шипасын нәсіп еткей! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға