Есімді ауыстыру керек пе?

Есімді ауыстыру керек пе?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Менің қойятын сұрағым: қыз балаға Ұлзина деп есім қойған дұрыс па? Артынан ұл ерсін деген ниетпен. Немесе бұл есімді ауыстыру керек пе?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Біріншіден: Ұлзина есімі екі сөзден құралған сөз тіркесі: ұл – ұлбала, еркек, зина – сән, зейнет.

Екіншіден: ниет ырым емес. Басқаша айтқанда қазақ, өзінің табиғи даналығына сай іс-әрекетімен өзінің ниетіне нұсқай білген. Жалғас, Батыр т.с.с. есімдер осының белгісі. Сондықтан қыз балаға артынан ұл ерсін деген ниетпен «Ұлзина» деген есім берілсе жақсы әрі шариғатқа қайшы емес. Сондықтан ниет қабыл болсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға