60 күн ораза ұстау керек пе?

60 күн ораза ұстау керек пе?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Қаза оразасын өтеп жатып бір себеппен, мысалы күндіз дәрі ішіп ауыз ашса, соның себебінен 60 күн ораза ұстау міндетті ме?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Рамазан айында ораза ұстап жүріп, қасақана, яғни ораза екенін біле тұра үзірсіз оразасын бұзған адам 60 күнге қосымша үзірсіз ораза ұстамаған күндердің қазасын өтейді. Мысалы, үзірсіз 1 күн ұстамаса 61 күн, 2 күн ұстамаса 62 күн ұстайды. Әрі бұл оразаны үздіксіз ұстауы міндетті.

Үзірсіз жағдай: ораза ұстауға шамасы келе тұрып «қарынып ашып кетті» деп, ораза ұстауға жалқауланып ішіп-жеу т.с.с.

Ораза кезінде ем  қабылдау міндетті болса, бұл үзірлі жағдайға жатады. Мұндай жағдайда ауырған адам емі біткеннен соң Рамазан оразасын тәмамдап, айттан соң күнге күн етіп тек қаза болған оразасын өтейді. Бір күн болса – бір күн, екі күн болса – екі күн, т.с.с. Тіпті Рамазан тыс уақытта парыз оразаның қазасын өтеп жатып үзірсіз ауыз ашса, мысалы түс мезгілінде тамақтанып, бұл жағдайда қазаға қосымша 60 ораза міндетті болмайды. Мұндай жағдайда басқа күні қайта ниеттеніп қаза оразасын өтей береді. Бұның мәнісі: Рамазан уақытында үзірсіз оразаны бұзғаны үшін Рамазаннның құрметіне қаза болған күнге қосымша 60 күн үздіксіз ораза міндеттеледі. Ал Рамазаннан тыс уақытта, жоғарыда айтылғандай, қазасын өтеп жатып үзірсіз ауыз ашса, қаза болған күнге қосымша 60 күн үздіксіз ораза міндетті емес!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға