«Ас-саләму аләйкум» десем бола ма?

«Ас-саләму аләйкум» десем бола ма?

Сұрақ: Ас-саләму аләйкум! Еркек әйелмен «ас-саләму аләйкум» деп амандасса бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Амандасу – мұсылмандықтың белгісі.

Әс-Саләм – Хақ Тағаланың бір есімі.

Қазақтың «сәлем» деген сөзі арабтың «саләм» сөзінен туындаған. Мағынасы: амандық, сәлем. Сондықтан мұсылманның «ас-саләму аләйкум» дегені: «сіздерге Алла Тағаланың сәлемі, амандығы болсын» дегенді білдіреді. Демек, мұсылмандық амандасу үлгісі – тілек, дұға.

Бүгінгі күні қалыптасқан амандасудың үлгісі «сәлеметсіз бе» деген сөз. Түп негізінде «амансыз ба?» деген әдептілік үлгісіне ретінде қалыптасқан амандасудың үлгісі сұрақ қана. Ал «ас-саләму аләйкум» деген сөз – жақсылық тілеудің үлгісі. Екі сөз де әдептілік нышаны болғанымен, мағына жағынан «ас-саләму аләйкум» деген сөз «сәлеметсіз бе?» деген сұрақтан басым. Олай болса, мұсылман алдымен: «Ас-саләму аләйкум»,-деп амандасып, кейін: «Сәлеметсіз бе?»,-деп жағдай сұраса дұрыс болатын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

Біреулер әйелдермен «ас-саләму аләйкум» деп амандасуға болмайды деп есептейді. Бұл түсінік дұрыс емес! Өйткені «ас-саләму аләйкум» деген амандасудың үлгісі ерге де, әйелге де ортақ. Басқаша айтқанда, «ас-саләму аләйкум» деп, Хақ Тағаланың сәлемі мен амандығын еркекке де, әйелге де тілеген дұрыс!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға