Рағайыб түнін атап өту тәжірибесі сенімді ме?

Рағайыб түнін атап өту тәжірибесі сенімді ме?

Сұрақ: Көптеген мұсылман елдерінде Рағайыб түнін немесе дұғаладың қабыл болатын Түнін атап өту кең таралған. Бұл түні Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, анасының құрсағына біткен деп есептеледі, сондықтан Алла осы түні Өзінің сүйікті Пайғамбары үшін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мүміндерге олардың тілегендерін береді делінген. Осы түні мешіттер таң атқанша ашық болады және мүміндер ерекше намаз - сәләтүл-Рағайыбты оқиды. Осы амал жөнінде не айта аласыздар?  

Жауап:Рағайыб түніндегі ерекше намаздың құндылығы туралы айтылатын хадистерді біздің үмбетіміздің көптеген мұхаддистері ойдан шығарылған деп жарияланған болатын.

Осындай хабарламаларды дәйексөз ретінде келтіруден, сондай-ақ, әлдебір ерекше атап өтулерден немесе осы түнгі құлшылық әрекеттерінен бойды аулақ ұстаған жөн.  Хафиз Ибн Раджаб (рахимахуллах) былай жазған: «Осы түні ерекше құлшылық әрекеттерін орындаудың ешбір дәлелдері жоқ.  Ережептің бірінші жұмасындағы түні оқылатын ерекше намаз «сәләтүл-рағайыб» туралы айтылған хадистер жалған әрі ойдан шығарылған. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұл әрекеттер дұрыс емес, дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады.  Мұндай тәжірибе (бұл түнді атап өту) бірінші рет бесінші ғасырда пайда болған…».

(Латаифул Маариф, 228 б. Сондай-ақ, Хафиз Ибн Хаджардың «Табинул Аджабын», 7 б;  алим Мұхаммад Тахир әл-Фатанның «Тазкиратул Маудуатын»  116-117 б,  Молда Әли Каридің «Әл-Маснуын’, 259 б, 464 хадис,  шейх Абдул Хай Лякнавидің «Әл-Асарул Марфу’асын», 44 пен 48 б; «Раддул Мухтарды» (Ибн Абидиннің), 2 т, 26 б. қараңыз).

Анығы Аллаға мәлім!

Жауап берген: Муфти Мұхаммад Әбусұмар

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға