Ражәб айында орындалатын құлшылық

Ражәб айында орындалатын құлшылық

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Ражәб айында орындалатын арнайы құлшылық түрлері бар ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Ғалымдар ражәб айындағы құлшылық мәселесін зерттеп, бұл айда орындалатын арнайы құлшылық түріне қатысты мынадай тұжырымға келген: ражәб айындағы нәпіл намаз, ораза, түнгі намазға қатысты қатысты сенімді, құжат ретінде қолдануға лайық аят немесе хадис жоқ. Мәселен, ражәб айында арнайы намаз оқу мен ораза ұстауға қатысты отыздан астам хадис болса, оның барлығы тым әлсіз, әрі басым көпшілігі жалған, тоқыма хадис. Бұған мысал ретінде Имам Хафиз Ибн Хажәр Аскаләнидің (рохматуллаһи ғаләйһи) «Табинул-ғажәб адр урада фи фадли ражәб» атты еңбегін келтірсе болады. Бұл еңбегінде имам Ибн Хажәр ражәб айына қатысты хадистерді тізбектеп, олардың шығу тегі мен дәрежесін анық көрсеткен. Сондықтан ражәб айындағы түрлі намаз бен оразаға қатысты өте мұқият болғанымыз жөн, құрметті мұсылман қауым! Себебі Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Мен айтпаған нәрсені айтты деген, тозақтан өзіне орын дайындай берсін»,-деген. (Бухари)

Саналы адам үшін осының өзі-ақ жеткілікті!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға