Ғайбат оразаны бұза ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Оразаның кезінде кейде біреу-біреуді жамандағанын көресің. Сол оразаны бұза ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Біреуді жамандау «ғайбат» деп айтылады.

Ғайбат – біреуді ол ұнатпаған сөзбен еске алу.

Негізі ғайбат ауыр күнәлар қатарына жатады. Себебі Құран ғайбатты бауырының етін жегенмен тең еткен. («Хужүрат», 12 аят)

Ғайбат – біреудің ар-намысына тию. Ал Пайғамбарымыз с.ғ.с. мұсылманның ар-намысына тиюды үлкен күнәға жақызған.

Ғалымдардың ішінде «ғайбат – оразаны бұзады» деген көзқарасты ұстағандары болған. Бірақ ақиқаты ғайбат оразаны бұзбағанымен, оразаның сауабын кемітеді. Ғалымдардың басым көпшілігі осы көзқараста. Тіпті ғайбат оразаны бұзбағанның өзінде, біреуді жамандау қылығынан сақтанған жөн. Себебі хадистің бірінде Пайғамбарымыз с.ғ.с. тозақта мыс тырнақтарымен өздерінің беті мен кеуделерін тырнап жатқан адамдарды көргені жайында айтылған. Пайғамбарымыз с.ғ.с.: «Бұлар кім?»,-деп сұрағанда Жәбрәил ғ.с.: «Ол – адамдардың етін жеген және өзгелердің ар-намысына тигендер»,-деп жауап берген. Егер ғайбат ауыр күнә болмаса жаман сөз айтқандар мұншалықты жазаға тап болмасы анық!

Толығырақ ...

Рамазан айында ас берсе бола ма?

Сұрақ:  Ас-саләму аләйкум! Қырқы немесе жылы Рамазан айына келген адамның асын берсе бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Асты күн батқаннан кейін берген дұрыс. Себебі күндіз адамдарды жинап ас беру – Рамазанға деген құрметсіздікке жатады.

Негізі қазіргі уақытта Рамазан айында күндіз ас беретіндер бар. Оларға: «Қазір Рамазан ғой. Неге асты кешке бермедіңіз?»,-десең: «Сондай болып қалды. Кешке кафе мен асханалар бос болмайды»,-деп жауап береді.

Біріншіден: асты кешке берсе – ас иесіне де, марқұмға да жақсы. Өйткені ол кезде ас үшін ауызашардың сауабы жазылады, Құдай қаласа.

Екіншіден: қырқы мен жылын беру – шариғат талабы емес, салт-дәстүр. Сондықтан қырқы мен жылын дәл қырық күн, жылы өткеннен кейін жасау міндетті емес. Оның уақытын өзгертсе болады. Мысалы, кейінге шегеріп.

Негізі Рамазан айының күндізінде ас беру – білімсіздіктен туындап жатқан жағдай. Сондықтан сабыр етіп, Хақ Тағаладан оразаның күндізінде һидаят тілеуден өзге лажымыз жоқ.

Алла Тағала баршамыздың жергімізге дін ақиқатын салсын! Әмин!

Толығырақ ...

Бала емізген әйел Рамазан фидьясын бере ме?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Менің әйелім бала емізеді. Сұрағым: менің әйелім фидья бере ме?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала оразаларыңызды қабыл етсін!

Негізі сіздің әйеліңіз фидья беруге міндетті емес. Себебі ол фидья төлейтін адамдар санатына жатпайды. Ал оның бала емізгені – үзір. Яғни, оразаны ұстамауға рұқсат ететін елеулі себеп. Сондықтан әйеліңіз кейін балаңызды емшектен шығарғаннан кейін ұстамаған оразаның қазасын өтеп, сонымен оразасын ұстаған болады.

Алла Тағала баршамыздың оразамызды қабыл етсін!

Әмин!

Толығырақ ...

Ертеңнен ауыз бекітсем бола ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Рамазанның он күні өтіп кетті. Ораза ұстау парыз екенін түсіндім. Енді ертеңнен бастап ораза ұстасам бола ма? Қаза болған күндерімді қалай өтеймін?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Сізге Хақ Тағала разы болсын! Әрине, болады! «Ештең кеш жақсы» демекші тәубеге келіп, ертеңнен болса да ауыз бекітсеңіз өте жақсы әрі дұрыс.

Әрбір пенде қателігін түсініп тәубеге келгені дұрыс. Жаратушы Ие осыны жақсы көреді. Құрандағы «тәубеге келіңдер, кешірім тілеңдер» т.с.с. сөздің мәнісі осы!

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!

Қаза мәселесіне келер болсақ, оны оразадан соң келесі оразаға дейінгі аралықта өтесеңіз болады.

Соңында айтарымыз! «Қайтесің. Ораза басталып кетті. Енді оразаңды келесі жылы бастайсың»,-деген сөзді тыңдамаңыз. Ол – білімсіздікпен айтылып жатқан сөз.

Толығырақ ...

Тарауихты мешітте оқу міндетті ме?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Тарауихті міндетті түрде мешітте оқу керек пе?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала оразаңызды қабыл етсін!

Шариғатта ондай талап жоқ. Дегенмен мешітте оқыған абзал. Себебі мешітте жамағат бар. Сол жамағаттың жеке тұлғаға оң ықпал ететіні сөзсіз. Оған қоса жамағатқа қосылып намаз оқып үйрену қолайлы. Оған қоса қазіргі күні мешіттерімізде тарауих барысында Құран хатымы өткізіледі. Яғни, тарауих намазында Құранды бастан-аяқ оқып шығады. Тарауихты үйде оқыған осындай қайырлы істің мол сауабынан мақұрым қалады.

Негізі шариғат бойынша Рамазан кезінде жамағатан бір адам болса да тарауихты мешітте оқу керек. Бұл – мешітке, Рамазанға деген құрметке жатады.

Толығырақ ...

Әйелдер тарауихты мешітте оқыса бола ма?

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум!

Менің сұрағым: әйелдер тарауих намазын мешітте оқыса бола ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Алла Тағала оразаңызды, намазыңызды қабыл етсін! Әмин!

Иә, әйелдер тарауих намазын мешітте оқыса болады. Тек әйелдер көпшілік орында болу талаптарын орындаса болғаны. Ол:

- отбасылы әйел – ерінің, бойдақ қыздар – ата-анасының не болмаса уәлиінің рұқсатын алу.

- әуреті жабық болу. Барынша кең, дене пішімін көрсетпейтін киім кигені абзал.

- духи т.с.с. қош иісті заттарды қолданбау. Себебі әтірдің иісі еркектердің көңілі аудырады.

- мешітке келгенде өзіне еркектердің көңілі мен назарын аударатын қылық істемеу. Мысалы, көтеріңкі дауыспен сөйлеу, күлу, жүгіріп-секіру т.с.с.

Осы орында ерекше айта кететін жайт!

Емізулі баласы бар әйелдер мешітке тарауих намазына келмей-ақ қойғаны абзал. Өйткені анасы тарауихте тұрғанда бала жылауы мүмкін. Ал бұл жағдай намаз тұрғандардың ойын бөлетіні сөзсіз.

Толығырақ ...