Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

...«Мен келгенде сен маған артық сөйлеме, шағымданба. Тек берген сұрағыма нақты жауап берсең болғаны. Соң мен кеткеннен кейін саудагерге барып алқаңды талап ет. Ол саған алқаңды қайтарып бергеннен кейін маған кел!

Қажы әкімнің атқанындай істейді. Ол үш күн бойы дүкеннің алдында отырады. Ары-бері өткен саудагер оны үш күн бойы байқайды. Бірақ үндемейді.

Төртінші күні дүкеннің жанынан әкім келеді. Келгенде де жалғыз емес, уәзір, сақшы, нөкерлерімен өтеді. Дүкеннің дәл алдына келгенде әкім қажыны жаңа байқағансып: «Ас-саләму аләйкум!»,-деп амандасады.

Қажы орнынан қозғалмастан: «Уа аләйкумус-саләм!»,-деп жауап береді.

Мұны көрген жұрт аң-таң: «Әй, мынау адам кім өзі? Әкім онымен амандасса ол орнынан тұрмастан сәлем қайтарып отыр?»

Әкім: «Уа, бауырым! Бағдадқа қашан келдің? Неге бізді зиярат етпейсің? Келсеңші, отырып жағдай сұрасайық, әңгімелесейік»,-дейді. Келіскенге сай қажы әкімнің сұрағына қысқаша ғана жауап қайтарып отырған жерінде отыра береді.

Осыдан соң әкім ары қарай жөнеле кетеді. Бұл әңгімені байқаған саудагер үрейленіп қажыға қиянат еткеніне қатты өкіне бастайды: «Қап! Оның алқасын иеленіп нем бар еді? Ол Бағдада әкімінің досы екенін кім біліпті? Қап, әттеген-ай!»

Осы сәтте қажы келіп... 

Жалғасы бар...

Толығырақ ...

Ықылас пен кішіпейілділік жайында айтқан...

Мен жайында жаз... Мен туралы айт – деген және істегенін міндетсінген адамның діндегі ықылас пен кішіпейілділік жайында айтқаны біртүрлі екен?!... 

Сіз қалай ойлайсыз?

Толығырақ ...

Әйелдердің әдепсіздігіне күйініп шіркеуін мешітке айналдырған

Кения еліндегі Ньялгоси елдімекенде елдің бәрі таң-тамаша қалдырған оқиға орын алды. Осы ауылдағы шіркеу қызметкері Чарльз Оквани аяқастынан ислам дінін қабылдап, шіркеу ғимаратын мешітке айналдыру жөнінде шешім қабылдайды деп жазады muslim.kz.

Ол өзінің бұл қадамға баруына шіркеу келетін әйелдердің әсер еткенін айтады. Құдай үйіне қалай болса солай, ашық-шашық келе беретін христиан әйелдерінің әдепсіздігіне күйінген епископ ақыр соңында ислам дінін зерттеуге кіріседі.

Өйткені, ислам дінінің әдептілік пен ар-ұят мәселесіне бұрыннан қызығатын едім дейді ол.

Өзінің айтуынша, Чарльз Оквани әлемнің көптеген елдерінде болып, түрлі саяхаттар жасаған көрінеді. Осы сапарлары барысында ол ислам дінінің бірқатар артықшылықтарына көз жеткізе түскен.

Бүгінде жасы алпыстың бесеуіне жеткен Чарльз мұсылман атанысымен, Исмаил есімін алып, шіркеу ғимаратын мешітке айналдырған. 

«Менің шіркеуім Шығыс Африкада «Құдай үйі» деген атымен танымал болатын, енді ол Ньялгосидің Орталық мешіті деп аталатын болады»,-дейді ол.

Толығырақ ...

Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

Қажы жағдайына күйініп отырған сәтте жанынан өтіп бара жатқан біреу әкімге барып болған жайтты айтып беруін насихат етеді. Ол әкім өзінің даналығы және әділдігімен әйгілі еді. Қажы: «Расында да былай қайғырып отырғанымнан гөрі сол әкімге барғаным дұрыс»,-деп әкімге барып шағымын баяндап береді.

Қажының әңгімесін естіген әкім саудагер қиынатқа барғанын түсінеді. Саудагердің қылмысын әшкерелеуді ұйғарған ол қажыға былай дейді: «Ертең сен барып оның дүкенінің дәл алдына отырып ал. Ол сені қуса онда қарсы тұрған дүкеннің алдына кеш батқанға дейін тұрмай отырып ал. Үш күн бойы осылай ет. Ал төртінші күні мен келемін...». 

Жалғасы бар...

Толығырақ ...

Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

Қажы саудагерге келіп есік қақты. Сонда саудагер терезесінен сыртқа қарады. Оны көрген қажы қуана: «Әс-саләму аләйкум, бауырым! Меккеден саған алып келген сыйым бар»,-деді. Сонда саудагер салқын жүзбен: «Сен кімсің?»,-деп сұрады.

- Мен алқаның иесімін ғой. Ұмытып қалдың ба?...

Сол сәтте саудагер үйінен шықтыда қажыны бір теуіп жерге жығады. Мұны көрген жұрт саудагердің жанына үбір-гүбір топталып қалды. Адамдардың: «Не болып қалды?»,-деген сұрағына қажы болған жайтты айтып берді. Оның әңгімесін естіген адамдар: «Сен не деп тұрсың өзі? Жалғандықта айыптатындай мына саудагерден басқ біреуді таппадың ба? Бұл өте аманатшыл адам»,-деп қажының өзін жазғыра бастады.

Мұнадай жағдайдан аң-таң болған қажы кетіп, ертесіне келіп саудагерден алқасын қайта талап етті. Алайда сөгіс пен таяқатан басқаны көрмеді. 

Жалғасы бар...

Толығырақ ...

Қиянаттың жазасы

«Әл-Азкия» кітабының қаламгері имам Жәузи (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Мен Бағдадқа бір адам келгенін білдім. Ол Меккеге қажылыққа жатқан екен. Оның құны мың динарға тең келетін сирек інжуден тізілген алқасы болатын.

Ол алқасын сатуды қалайды. Алайда алқасын қымбат бағалауы себебінен саудасы болмайды. Қажылық уақыты таяп қалды. Сонда ол бір саудагерге барады. Ол сол саудагердің аманатшылдығы жайында естіген еді.

Ол садугерге келіп: «Бауырым! Мен қажылықты орындау ниетіндемін. Менде мына алқа бар. Алайда жолда оны қарақшылар тартып ала ма деп қорқамын. Сондықтан қажылықты орындап келгенімше оны өзіңде аманат етіп ұстай тұрсаң»,-дейді.

Алқаны көрген саудагер таңырқап қалады. Алқа расында тым құнды еді. Сонда ол: «Мейлі, қажылыққа жөнеле бер. Еш алаңдама! Сен қайтып келгенге дейін алқаң менде болады»,-деп алқаны аманат етіп алды.

Қажы қажылық парызын орындап Бағдатқа оралды. Қажылықтан алып қайтқан өзге заттың арасында саудагерге арнаған сыйы да бар. 

Жалғасы бар...

Толығырақ ...