Қуған жетпес, бұйырған қашпас!

Қуған жетпес, бұйырған қашпас!

Болған уақиға!

Бір адам құдыққа түсіп кетеді. Адамдар оны құдықтан шығарады. Зәресі ұшқан адамның кідіріп-мүдіріп: «Құдыққа түсіп кеттім. Құдыққа түсіп кеттім»,-дегеннен өзге сөзі болмайды.

Айналадағы біреу еңсесін бассын деп оған бір керсен сүт береді. Ол сүтті ішіп алып адамдарға құдыққа қалай түскенін әңгімелей бастайды. Қалай құлағанын көрсетейін деп құдықтың шетіне келгенде аяғы тайып кетіп қайта құдыққа түсіп мерт болады.

Адамдар болған жайтты бір ғалымға айтып бергенде ол: «Е-е-е, оның дүниеде бір керсен кесе несібесі қалып тұрған екен. Соны ішкеннен кейін ризық-несібесі тәмамдалып, қайта құдыққа түсіп қаза болды»,-деп түсіндіреді. 

«Қуған жетпес, бұйырған қашпас» деген осы!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға