Зүл-қағда айындағы қажылық

Зүл-қағда айындағы қажылық

Зүл-Қағда айы қажылық айларына жатады. Себебі, Хақ Тағала «Бақара» 197-ші аятында:

الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ

«Қажылық белгілі айларда орындалады»,-деген. Ол қандай айлар?

Абдуллаһ ибн Омар (родиял-лаһу ъанһу) «белгілі айлар» жайында: «Ол – шаууәл, зүл-қағда айлары мен зүл-хижжә айының бастапқы он күні»,-деген.

Зүл-қағда айында умраны (кіші қажылықты)орындау сүннетке жатады. Өйткені Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) өмірінде төрт рет умра жасаған болса, соның бәрі зүл-қағда айында орындалған болатын. 

Зүл-қағда айындағы умраның дәрежесіне келер болсақ, кейбір ғалымдардың пікірінше бұл айдағы кіші қажылық Рамазан айынан тыс өзге айларда орындалған умрадан абзал. Себебі сахабалардың бір тобы, мысалы мүминдердің анасы Айша (родиял-лаһу ъанһа), Ибн Омар мен Ато ибн Рабах (родиял-лаһу ъанһума) Рамазан умрасын өзге айлардағы умрадан артық көретіні жайында айтқан.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға