Неге қам жеп жүрсің?

Неге қам жеп жүрсің?

Ибраһим ибн Əдһам жүзінен қайғы мен қамның ізі байқалатын кісінің тұсынан өтеді. Дереу əлгі кісінің тұсына қайта келіп: -"Саған қояр үш сұрағым бар. Жауап бересің бе?"

- Иə. Жауап берейін.

- Мына əлемде Алла Тағаланың қалауынсыз қандай да бір істің жүзеге асуы мүмкін бе?

- Жоқ! Олай болуы мүмкін емес.

- Сенің белгіленіп қойылған ажал-уақытыңның бір сəт кемуі мүмкін бе?

- Жоқ. Ол да мүмкін емес.

- Алланың маңдайыңа жазып қойған ырыздықтың жазылып қойғанынан кемуі мүмкін бе?

- Жоқ. Ол да мүмкін емес.

- Олай болса неге мазаң кетіп, қам жеп жүрсің?

Түйін: Алла Тағаланың жазған тағдырына ризалық таныту мұсылман кісінің көңілін тынышталдырады. Қайғысын жеңілдетіп, уайымын азайтады. Алла Тағала сіз бен бізге жазылғанға ризалық көрсетуімізді нəсіп етсін! Жұма мұбарак! 

Бауыржан Алиулы

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға