Қиянаттың жазасы

Қиянаттың жазасы

«Әл-Азкия» кітабының қаламгері имам Жәузи (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Мен Бағдадқа бір адам келгенін білдім. Ол Меккеге қажылыққа жатқан екен. Оның құны мың динарға тең келетін сирек інжуден тізілген алқасы болатын.

Ол алқасын сатуды қалайды. Алайда алқасын қымбат бағалауы себебінен саудасы болмайды. Қажылық уақыты таяп қалды. Сонда ол бір саудагерге барады. Ол сол саудагердің аманатшылдығы жайында естіген еді.

Ол садугерге келіп: «Бауырым! Мен қажылықты орындау ниетіндемін. Менде мына алқа бар. Алайда жолда оны қарақшылар тартып ала ма деп қорқамын. Сондықтан қажылықты орындап келгенімше оны өзіңде аманат етіп ұстай тұрсаң»,-дейді.

Алқаны көрген саудагер таңырқап қалады. Алқа расында тым құнды еді. Сонда ол: «Мейлі, қажылыққа жөнеле бер. Еш алаңдама! Сен қайтып келгенге дейін алқаң менде болады»,-деп алқаны аманат етіп алды.

Қажы қажылық парызын орындап Бағдатқа оралды. Қажылықтан алып қайтқан өзге заттың арасында саудагерге арнаған сыйы да бар. 

Жалғасы бар...

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға