Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

Қажы саудагерге келіп есік қақты. Сонда саудагер терезесінен сыртқа қарады. Оны көрген қажы қуана: «Әс-саләму аләйкум, бауырым! Меккеден саған алып келген сыйым бар»,-деді. Сонда саудагер салқын жүзбен: «Сен кімсің?»,-деп сұрады.

- Мен алқаның иесімін ғой. Ұмытып қалдың ба?...

Сол сәтте саудагер үйінен шықтыда қажыны бір теуіп жерге жығады. Мұны көрген жұрт саудагердің жанына үбір-гүбір топталып қалды. Адамдардың: «Не болып қалды?»,-деген сұрағына қажы болған жайтты айтып берді. Оның әңгімесін естіген адамдар: «Сен не деп тұрсың өзі? Жалғандықта айыптатындай мына саудагерден басқ біреуді таппадың ба? Бұл өте аманатшыл адам»,-деп қажының өзін жазғыра бастады.

Мұнадай жағдайдан аң-таң болған қажы кетіп, ертесіне келіп саудагерден алқасын қайта талап етті. Алайда сөгіс пен таяқатан басқаны көрмеді. 

Жалғасы бар...

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға