Әйелдердің әдепсіздігіне күйініп шіркеуін мешітке айналдырған

Әйелдердің әдепсіздігіне күйініп шіркеуін мешітке айналдырған

Кения еліндегі Ньялгоси елдімекенде елдің бәрі таң-тамаша қалдырған оқиға орын алды. Осы ауылдағы шіркеу қызметкері Чарльз Оквани аяқастынан ислам дінін қабылдап, шіркеу ғимаратын мешітке айналдыру жөнінде шешім қабылдайды деп жазады muslim.kz.

Ол өзінің бұл қадамға баруына шіркеу келетін әйелдердің әсер еткенін айтады. Құдай үйіне қалай болса солай, ашық-шашық келе беретін христиан әйелдерінің әдепсіздігіне күйінген епископ ақыр соңында ислам дінін зерттеуге кіріседі.

Өйткені, ислам дінінің әдептілік пен ар-ұят мәселесіне бұрыннан қызығатын едім дейді ол.

Өзінің айтуынша, Чарльз Оквани әлемнің көптеген елдерінде болып, түрлі саяхаттар жасаған көрінеді. Осы сапарлары барысында ол ислам дінінің бірқатар артықшылықтарына көз жеткізе түскен.

Бүгінде жасы алпыстың бесеуіне жеткен Чарльз мұсылман атанысымен, Исмаил есімін алып, шіркеу ғимаратын мешітке айналдырған. 

«Менің шіркеуім Шығыс Африкада «Құдай үйі» деген атымен танымал болатын, енді ол Ньялгосидің Орталық мешіті деп аталатын болады»,-дейді ол.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға