Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

Қиянаттың жазасы. Жалғасы...

...«Мен келгенде сен маған артық сөйлеме, шағымданба. Тек берген сұрағыма нақты жауап берсең болғаны. Соң мен кеткеннен кейін саудагерге барып алқаңды талап ет. Ол саған алқаңды қайтарып бергеннен кейін маған кел!

Қажы әкімнің атқанындай істейді. Ол үш күн бойы дүкеннің алдында отырады. Ары-бері өткен саудагер оны үш күн бойы байқайды. Бірақ үндемейді.

Төртінші күні дүкеннің жанынан әкім келеді. Келгенде де жалғыз емес, уәзір, сақшы, нөкерлерімен өтеді. Дүкеннің дәл алдына келгенде әкім қажыны жаңа байқағансып: «Ас-саләму аләйкум!»,-деп амандасады.

Қажы орнынан қозғалмастан: «Уа аләйкумус-саләм!»,-деп жауап береді.

Мұны көрген жұрт аң-таң: «Әй, мынау адам кім өзі? Әкім онымен амандасса ол орнынан тұрмастан сәлем қайтарып отыр?»

Әкім: «Уа, бауырым! Бағдадқа қашан келдің? Неге бізді зиярат етпейсің? Келсеңші, отырып жағдай сұрасайық, әңгімелесейік»,-дейді. Келіскенге сай қажы әкімнің сұрағына қысқаша ғана жауап қайтарып отырған жерінде отыра береді.

Осыдан соң әкім ары қарай жөнеле кетеді. Бұл әңгімені байқаған саудагер үрейленіп қажыға қиянат еткеніне қатты өкіне бастайды: «Қап! Оның алқасын иеленіп нем бар еді? Ол Бағдада әкімінің досы екенін кім біліпті? Қап, әттеген-ай!»

Осы сәтте қажы келіп... 

Жалғасы бар...

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға