Кәлиманың дәрежесі

Кәлиманың дәрежесі

عَنْ عِيَاضٍ الأَنْصَارِي رَضِيَ اللهُ عَنْهُ رَفَعَهُ قَالَ: إِنَّ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ كَلِمَةٌ عَلَى اللهِ كَرِيمَةٌ لَهَا عِنْدَ اللهِ مَكَانٌ وَهِيَ كَلِمَةٌ مَنْ قَالَهَا صَادِقاً أَدْخَلَهُ اللهُ بِهَا الْجَنَّةَ وَمَنْ قَالَهَا كَاذِباً حَقَّنَتْ دَمَهُ وَأَحْرَزَتْ مَالَهُ وَلَقِيَ اللهَ غَدًا فَحَاسَبَهُ

Ғияд Әл-Ансари (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расында «лә иләһә илләл-лаһ» сөзі Алла Тағаланың назарында құрмет пен жоғары дәрежеге ие. Хақ Тағала оны шын жүректен айтқанды жәннатқа кіргізеді. Біреу оны ықылассыз айтса, кәлима оның жаны мен дәулетіне осы дүниеде пана болады.[1] Алайда Қияметте Жаратушы Иемен жүздескенде, он кәлиманы ықылассыз айтқаны үшін сұралады».

Хадистi Ғиядтан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Баззар риуаят еттi.[2]

Түсініктеме: Алла Тағала – құлшылыққа лайық жалғыз ақиқат Тәңір. Жаратушы Ие басты мәселеде барша жаратылғанға осы ақиқатты мойындауды міндеттеген. Кәлиманың Хақ Тағаланың назарында ерекше құрмет пен мәртебеге ие болуы осы себептен. Сондықтан да кәлиманы шын жүректен айтудың сыйы жәннат болмақ. Ал ықылассыз айтылған кәлиманың пайдасы шамалы ғана. Кәлиманы шын жүректен айту, яғни Хақ Тағаланы «Тәңір» деп тану – парыз. Сондықтан кәлиманы ықылассыз айтқан осы парызды орындамаған болады. Қияметте мұндай пенде сұраққа тартылудың мәнісі осы!


[1] Кәлиманы айтқан мұсылман болады. Ал мұсылманның жаны, малы мен ары мұсылман үшін харам. Яғни, бір мұсылман басқа мұсылманның өміріне қауіп тудырып, малына қол сұғуына болмайды.

[2]‏مجمع الزوائد للحافظ الهيثمي، 1 - كتاب الإيمان، 2 - أبواب في محرمات الدماء، 1 - باب في ما يحرِّم دم المرء وماله، الحديث رقم 55

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға