Ораза – Хақ Тағаламен байланыстырады

Ораза – Хақ Тағаламен байланыстырады

Дініміздегі әрбір құлшылық бізді Алла Тағаламен байланыстырады. Мәселен, намаз оқыған адам Хақ Тағаланың алдында тұрғандай болады.

Құран оқыған Жаратушы Иемен сұхбаттасқан болады. Бұл да – пенде мен Алла Тағаланың арасындағы байланыс.

Садақа – пенденің ықыласын бейнелейді. Пенде дінде қаншалықты болса, сол дәрежеде Алла жолында жұмсағаны да арта түседі.

Ораза – пенде мен Хақ Тағаланың арасындағы сыр. Бұл сыр ораза ұстаған адам мен Алла Тағаладан өзге ешкімге мәлім емес.

Біз қазір төрт түрлі құлшылық жайында айттық. Ол: намаз, Құран оқу, садақа және ораза.

Ғалымдар айтады: «Намаз – мүминнің миғрәжі. Ал миғрәж жолдың жартысы. Ораза Жаратушы есігінің алдына жеткізсе, садақа оразашыны қолынан ұстап Раббысының алдына кіргізеді».

Әрине, бұл – бейнелі бір мысал. Дегенмен, намаздың, ораза мен садақаның мән-жайын түсіндіретін сияқты.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға