Неге Рамазанда күнә істеледі?

Неге Рамазанда күнә істеледі?

Рамазан айында Хақ Тағаланың рахметі молайып, құлшылықтың көбеюіне байланысты шайтандар адамдарды азғырғанға барынша күш салу керек еді. Алайда Рамазан айында күнә азаятыны – ақиқат.

Оразада «ерекше бүлікші шайтандар» кісенделеді. Дегенмен қандай болғанда да күнә істеледі. Өйткені шайтанмен жыл бойы қоян-қолтық араласу нәтижесінде нәпсі күнә істеуге әдеттенеді. Нәтижеде адам біреуді ғайбаттауды күнә емес, әдет деп түсінеді. Осы себептен күнә істеп қалыптасып қалғандар Рамазанның уақытында да күнә істейді. Ал нәпсі – адамның ажырамас бөлігі. Мұның да әсерін ескерген жөн.

Рамазан айында күнә істелудің тағы бір себебі бар. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Күнә істеген шақта адамның жүрегіне бір қара дақ түседі. Егер адам тәубесіне келсе, ол дақ өшіріледі. Болмаса дақ болып тұра береді. Басқа бір күнә істесе, тағы бір нүкте пайда болады. Осылай жүрек қарайып кеткенге дейін жалғаса береді. Нәтижеде мұндай жүрекке жақсылық дарымайды»,-деген. Мұндай жағдайда жүрек күнә істегенге бейім болады. Осы себептен көп адам күнәні ойланбай істейді. Бірақ басқа бір күнәға тап болса, одан жеркенеді.

Рамазаннан тыс уақытта жүрек күнә істеу себебінен қараяды. Нәтижеде мұндай адам Рамазан айында күнә істеуі үшін шайтанның да керегі болмай қалады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға