Пайғамбарымыз с.ғ.с. неден тыйды?

Пайғамбарымыз с.ғ.с. неден тыйды?

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деді:

لَا تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ إِلَّا بِخَيْرٍ فَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ يُؤَمِّنُونَ عَلَى مَا تَقُولُونَ

«Өздеріңе тек жақсылық тілеңдер! Себебі періштелер сендердің дегендеріңе: «Әмин»,-деп тұрады». (Муслим)

Тағы бір сөзінде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

لا تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ وَلا تَدْعُوا عَلَى أَوْلاَدِكُمْ وَلا تَدْعُوا عَلَى خَدَمِكُمْ وَلا تَدْعُوا عَلَى أَمْوَالِكُمْ، لا تُوَافِقُوا مِنَ الله سَاعَةَ نَيْلٍ فيهَا عَطَاءُ فَيَسْجِيبُ لَكُمْ

«Өздеріңе, перзенттеріңе, қызметшілеріңе, дүниелеріңе жамандық тілемеңдер! Себебі тілектерің Алла Тағала беретін сағатына дөп келсе, тілектерің қабыл болады». (Әбу Дауд)

Тұжырым: пенде тек жақсы тілекте болуы тиіс. жақсы тілесе де, жаман тілесе де, айналып келгенде сол өзіне қайтады. Жақсы тілегі Хақ Тағала дұғаны қабыл ететін сәтке дәл келсе, жақсы, ал жаман тілегені сол кезге келсе, қалай болмақ?!

Сондықтан тек жақсы тілекте болайық, құрметті мұсылман қауым!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға