Тәубе намазы қалай оқылады?

Тәубе намазы қалай оқылады?

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

مَا مِنْ عَبْدٍ يُذْنِبُ ذَنْباً فَيُحْسِنُ الطُّهُورَ، ثُمَّ يَقُومُ فَيُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ يَسْتَغْفِرُ اللهَ إِلاَّ غَفَرَ اللهُ لَهُ

«Қайсыбір пенде бір күнә істеп, кейін дәретін кемшіліксіз алып, соң екі рәкәғат намаз оқып, сонан соң Алла Тағаладан кешірім сұраса, Хақ Тағала оның күнәсін міндетті түрде кешіреді».(Әбу Дауд)

Тәубе намаздың себебі: үлкен не болмаса кіші күнә істеу.

Тәубе намаздың уақыты: тәубеге келуді ниеттенген сәтте.

Тәубе намаздың сипаты: әдеттегі екі рәкәғат нәпіл намаз. Ниеті – тәубе намазы. Намаз оқу мәкрүһ болмаған уақытта оқыла береді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға