Қыстағы суық қайдан пайда болады?

Қыстағы суық қайдан пайда болады?

Пенде қыста суыққа, жазда ыстыққа шағымданады. Мәселен, дәл қазір көп адам қыстың аязына ренішті. Алайда адамның көбі қыстың қазіргі аязы жәһаннамның демі екенін білмейді. Оған дәлел мына хадис! Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

اشْتَكَتْ النَّارُ إِلَى رَبِّهَا فَقَالَتْ رَبِّ أَكَلَ بَعْضِي بَعْضًا فَأَذِنَ لَهَا بِنَفَسَيْنِ نَفَسٍ فِي الشِّتَاءِ وَنَفَسٍ فِي الصَّيْفِ فَأَشَدُّ مَا تَجِدُونَ مِن الْحَرِّ وَأَشَدُّ مَا تَجِدُونَ مِن الزَّمْهَرِيرِ

«Тозақ Раббыға шағымданып: «Уа, Раббым! Мен өз-өзімді жеп жалмап жатырмын»,-дегенде Алла Тағала оған екі түрлі тынысты рұқсат етті: бірін – қыста, екіншісін – жазда. Сендер соның ең ыстығы мен ең суығын сезесіңдер». (Бухари)

Ғалымдар айтады:

Біріншіден: Хақ Тағала дүниедегі ыстық және суық арқылы тозақтың ыстығы мен суығына нұсқап жатыр.

Екіншіден: бұл хадис тозақтың қазіргі уақытта бар екеніне дәлел.

Үшіншіден: Алла Тағала тозақыларды тек ыстықпен емес, суықпен де азаптайды.

Төртіншіден: Жаратушы Ие Құранда: «Ойланған адам үшін айналада көптеген белгі бар»,-деген. Дәл қазір қыстың қақайған аязы тозақтың белгісі болып тұр.

Олай болса, Алла Тағала баршамызды тозақтың суығы мен ыстығынан сақтасын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға