Абдулла ибн Рауаханың оқиғасы

Абдулла ибн Рауаханың оқиғасы

Имам Әл-Хакимнің (рохматул-лаһи ғаләйһи) «Әл-Мустадрак» атты еңбегінде Абдулла ибн Рауаханың (родиял-лаһу ғанһу) мына оқиғасы баян етілген. Бірде Абдулла ибн Рауаха (родиял-лаһу ғанһу) үйінде отырып жылады. Оны көрген жанындағы жұбайы оған қосылып жылады. Абдулла ибн Рауаха (родиял-лаһу ғанһу) одан: «Неге жыладың?»,-деп сұрады.

- Сіз жылағаныңызды көріп мен де жыладым. Ал сіз неге жыладыңыз?

Сонда Абдулла ибн Рауаха (родиял-лаһу ғанһу) былай деп жауап береді: «Менің есіме Хақ Тағаланың: «Сендерден тозаққа келмейтін ешкім болмайды. Бұл – Раббыңа тұжырымды, міндетті бір үкім. Соң тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта тізерлетіп қоямыз»,-деген сөзі есіме түсіп кетті.[1] Мен сол тозақтан құтылар-құтылмасымды білмеймін ғой».



[1]«Марйям», 71-72 аят.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға