Иман деген не?

Иман деген не?

عن أبي أمامة رضي الله عنه أَنَّ رسول الله صلى الله عليه وسلم سَأَلَهُ رَجُلٌ فقال: مَا الإِيمَانُ؟ قال: إِذَا سَرَّتْكَ حَسَنَتُكَ وَسَاءَتْكَ سَيِّئَتُكَ فَأَنْتَ مُؤْمِنٌ

Әбу Умама (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Біреу Нәбиден (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Иман деген не?»,-деп сұрағанда, Ол: «Егер жақсылығың сені қуандырып, жамандығың қамықтырса, онда мүмин болғаның»,-деп жауап берді».

Хадистi Әбу Умамадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Әл-Хаким риуаят еттi.[1]

Қуану – жүректің ләззаттануы. Ал пенде шариғат талабына сай жақсылық істесе қуануы, ал жамандық істесе өкінуі – иман ақиқаты.[2] Сондықтан имандылығы деңгейін білуін қалаған пенде амалы мен жүрегіне қарасын. Егер шариғатқа сай жақсы амал істегені оны қуантса, ол иманды болғаны, ал егер күнәлі іс қуантса, демек иманында ақау болғаны.

Неге мүмин пенде жақсылық істегеніне қауанады? Себебі, оның көздегені Хақ Тағаланың рахметі мен сауабы, ол оған қол жеткізудің бірден-бір жолы – игі амал істеу. Сондықтан игі амал істеген шағында мүмин Алла Тағаланың рахметі мен сауабына қол жеткізгеніне қуанады.

Неге мүминді жаман қылығы қамықтырады? Өйткені оның көздегені – Хақ Тағаланың разылығына лайық болу. Ал жаман қылық Алла Тағаланың разылығы мен пенденің арасындағы бөгет. Күнә істеген иманды пенде жаман қылығы үшін өкінудің мәнісі осы.

Пенденің мұсылман екенінің бастапқы белгісі – жүрегіндегі иманы. Ал жақсы амалына қуану мен жаман қылығына қамығу – имандылық деңгейінің белгісі.



[1]‏تحفة الأحوذي للمباركفوري، 31 - كتاب القدر، 1231 - باب ما جاءَ أَنّ الاْيمَانَ بالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرّه، الحديث رقم 2170

[2]فيض القدير، شرح الجامع الصغير

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға