Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Һижри күнтізбенің бір ерекшелігі

Һижри күнтізбенің бір ерекшелігі

عن ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أن رسول الله صلى الله عليه وسلم ذَكَرَ رَمَضَانَ فَضَرَبَ بِيَدَيْهِ فَقَالَ: الشّهْرُ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا، ثُمّ عَقَدَ إِبْهَامَهُ فِي الثّالِثَة

Ибн Омар (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазан жайында айтып екі алақанын жайып: «Ай былай және былай болады»,-деп кейін үшіншісінде тағы екі алақанын көрсетіп, соң бас бармағын бүкті».

Хадистi Ибн Омардан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари риуаят еттi.[1]

Түсініктеме: Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мүбәрақ екі алақанын үш қайтара көрсеткені – 30 күн болады дегені. Сонан соң бас бармағын бүккені – және 29 күн болады дегені.

Демек, һижри күнтізбенің бірінші ерекшелігі – бір айда 30 немесе 29 күн болады.

Екінші ерекшелігі – һижри күнтізбеде тәулік есебі күн батқаннан, ал ай – жаңа ай туылғаннан басталады. Бұл мәселеге қатысты Хақ Тағала «Бақара» сүресінің 189-аятында:

يَسْأَلُونَكَ عَنِ الأهِلَّةِ قُلْ هِيَ مَوَاقِيتُ لِلنَّاسِ

-«Уа, Мұхаммед! Олар сенен жаңа туған ай жайында сұрайды. Оларға: «Ол – уақытты белгілеу үшін»,-деп айт»,-десе, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

إن الله عز وجل جعل هذه الأهلة مواقيت للناس

-«Ақиқатында Хақ Тағала жаңа туған айды адамдарға уақытты белгілейтін құрал етті»,-деген.[2]

Рамазан айының есебі жаңа туған ай туылғаннан, дәлірек айтар болсақ күн батқаннан кейін басталудың мәнісі осы! Осы себептен біз тарауих намазын түннен бастап, айттан бір күн бұрын тәмамдаймыз.



[1]‏صحيح البخاري، 3 - كتاب العلم، 20 - باب: فضل من علم وعلم، الحديث رقم 79

[2]«Мажмағуз-Зауаид»

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014