Рамазан оразасы күнәнің кешірілуіне себеп

Рамазан оразасы күнәнің кешірілуіне себеп

قَالَ رَسُولُ الله صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: من صَامَ رَمضَانَ إِيماناً واحتِسَاباً غُفِرَ لَهُ ما تَقَدَّمَ من ذنبِه

Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан оразасын иманмен және сауаптан үміттенген халде ұстаған адамның бұрын істеген күнәлары кешіріледі».

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари риуаят еттi.[1]

Түсініктеме: жоғарыда ораза ұстайтын пенденің ниеті жайында айтқан болатынбыз. Бұл хадистегі оразаны «иман және сауаптан үміттенген халде» ұстау – сол дұрыс ниеттің бейнесі. Өйткені «иманмен» - Рамазан айындағы оразаның парыздығына нық сенген күйде. «Сауаптан үміттенген халде», ал оразаның сауабы не болмақ? Ол – күнәнің кешірілуі.[2]

Сонымен қатар бұл хадис өзіне тағы бір маңызды мәселені қамтыған. Ол – үлкен күнәлардан аулақ болу. Өйткені бұл хадисте кіші күнәлар кешірілетіні жайында айтылған. Бұл жайында төменгі хадистен оқыңыз!



[1]‏صحيح البخاري، 27 - باب: صوم رمضان احتسابا من الإيمان، الحديث رقم 38

[2]«Мухтасарул-фауауидис-саләса минәл-ахадисир-рамадания»

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға