Әйелзаттың киімі мен қылығы

Әйелзаттың киімі мен қылығы

Киім әйел адамның имандылығы, әдебі мен тәрбиесіне меңзейді. Тек бұл емес, бәлкім әйелдің әкесі болса – оның азаматтығын, анасының – көргендігін, аға-інісінің – намысқойлығын, күйеуінің – еркектігін көрсетеді. Айналып келгенде киім әйелдің табиғаты мен руханиятын, яғни ішкі дүниесін бейнелейді. Әйелзаттың қылығы жайында да осыны айтса болады. Мәселен, Марйям анамыз босанып, ұлы Исаны (ғаләйһис-саләм) қауымына көрсеткенде адамдар оны:

يَا أُخْتَ هَارُونَ مَا كَانَ أَبُوكِ امْرَأَ سَوءٍ وَمَا كَانَت أُمُّكِ بَغِيًّا

«Уа, Һарунның қарындасы! Әкең жаман адам емес еді, анаң да жаман жолда емес еді»,-деп айыптады. («Марйям», 28 аят)

Қарап тұрсақ, Марйям анамызды қателесіп ойнастықта айыптаған адамдардан Марйям анамыздың әкесі, анасы және ағасы жайында айтты. Неге? Себебі перзенттің игі болуы осы үш адамға байланысты. Қазақта бұған қатысты нақыл баршылық. Мысалы:

- Әке көрген оқ жонар.

- Анасын көріп қызын ал.

- Шешеге қарап қыз өсер.

- Ағасы бардың жағасы бар.

Өзім көпшілік орында ашық-шашық жүрген әйелді көрсем, көз алдыма олардың ата-анасын елестетемін де ойыма мына аят келеді. Қияметте Хақ Тағаланың әміріне бойсұнбаған және Ақыретті есінен шығарғандарға қатысты:

فَاهْدُوهُمْ إِلَى صِرَاطِ الْجَحِيمِ وَقِفُوهُمْ إِنَّهُم مَّسْئُولُونَ

«Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер. Оларды есеп-қисап үшін тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады»,-деп айыптады. («Соффат», 23-24 аят)

Мұсылман бауырларым! Мына мәселеге назар аударуларыңдар! Хақ Тағала мына пәниде дүние шарабын арам етіп, пейіште жәннат шарабын рұқсат етті. Ал жалаңыштықты, яғни арсыздықтың ұлығын екі дүниеде де арам етті.

Қортынды: пәниде дүние шарабына әуесқой болған жәннат шарабынан татпайды, ал әуретін ашып жүрген жәннат киімінен мақұрым қалады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға