Шындық

Шындық

Данышпанбыз, көрегенбіз, көсембіз,

Неге біздер ойлап қара шешенбіз.

Түлкі дәурен арсыздықтан көз ашпай,

Сұлу сөзбен арбап алады екенбіз.

 

Ұмытқанбыз кешегі өткен қайғыны,

Ұл-қызыңның арзандады айбыны.

Қызың еркек, ұлың болған қызтеке,

Айта салу оңай емес жай мұны.

 

Тілін білмес мәңгүрттерім санасыз,

Елін сүйген кей көкелер шарасыз.

Түңілдірді ойсыздардың кейбірі,

Қалдырғандай жапан түзде панасыз.

 

Жаратқаным жаратқасын сынайды,

Тірісінде ұмытқан бар құдайды.

Шалқығаның бұл өмірде не керек,

Өлгеніңде бір есебін сұрайды.

 

Мұнай ішкен шенеуніктер тоймады,

Тойса дағы тонау жағын қоймады.

Пара беріп кіремін деп жұмаққа,

Қара көрмей қарын қамын ойлады.

 

Бала сатып қанымызды ластадық,

Жанарлардан жатса дағы жас тамып.

Көріп тұрып жетпейтіндер батылы,

Оқуға да жатырма екен жасқанып.

 

Шындық ащы, мен тәттіні сүймеймін,

Елім күйсе менде неге күймеймін.

Намыстары сорлылардың оянсын,

Сорлы басым бүй деймін-ау, үй деймін.

 

Сәкен Мағжан Ахметтер арымыз,

Таудайларды ұсақтатты тарымыз.

Шындық айтып өлсем қылмас ештеңе,

Қайраттардан артық емес жанымыз.

 

Қалмауы да ғажап емес сыр құны,

Сыйламасаң қатарыңды, құрбыны.

Қазақ үшін жанын құрбан қылды де,

Бұ, жалғаннан ғайып болсам бір күні.

Әділет Базарбев

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға