«ЛАЙКТАР»

«ЛАЙКТАР»

Амандық тiлеп сiздерге,

Сәлем бердiм, халайық!

Назар салып қарасақ,

Сан алуан «лайк»:

«Ауырдым» десе бiр адам,

«Ұнатамыз» - «Лайк».

Ендi бiрi жоғалса,

Лайықты еттiк «лайк».

Бiрiнiң үйi тоналса,

«ұнайды» бiзге: «Лайк».

Келмесе екен ендi күн:

«Өлдi»ге басар «лайк»...

«Лайк» күтiп телмiрмей,

Сәждеге жаппай құлайық!

Шын «Лайкты» айтайын:

Аллаға бiз ұнайық!

Мың «Лайктан» қайырлы:

кешiрiм Одан сұрайық!

Сұм нәпсiнi арқадан

алып ұрып жығайық!

Мұсылман боп өтейiк,

Разылыққа лайық!

Нұрлы жүзбен Махшарда

Ерекше боп тұрайық!

Құлаққа iлмей дұшпанды

деп тұратын: «Қуайық»!

Одан гөрi намазда-

Медет тiлеп жылайық!

Ата-Ана мен Бауырға

Жәннат Бақты сұрайық!

Әр қазақтың баласы

«Үмбетке» болсын лайық!

Елдiң қамын Ер жасар:

Отанға дұға қылайық!

Аунап-қунап болдық қой,

Есiмiздi жияйық!

Құр «лайктан» дым шықпас,

Мақтанды бiз тыяйық!

Амал жасап Құранға:

«Мұсылман» атқа лайық!

Қасиет кетер көп сөзден,

Айтқанға ден қояйық!

Нағыз «лайк» Алланың

бiзге «басқан» «ЛАЙК»!

Мендiк мақсат, бауырлар,

Жинау емес «лайк».

Жарқын күндер көп болсын,

АМАН-САУ БОП ТҰРАЙЫҚ!

Мықтыбек аға

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға