Біз қандаймыз?

Біз қандаймыз?

Әлеуметтік желідеміз,

Лайк жинап ерігеміз.

Қанша уақыт отырғанда,

Нені жинап, не ілеміз?!

 

Таңертең тұрысымен керілеміз,

Білім-ғылым қууға ерінеміз.

Қиналып керек болса сәл мәлімет,

Интернетке біз неге жүгінеміз?!

 

Телефонда мегабайт қалмады ма?

Санамызды интернет жалмады ма?

Бар уақытты тек соған арнайтындай,

Онсыз баста еш нәрсе қалмады ма?

Талдықорған Орталық Мешіті

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға