Балгерге нанба!

Балгерге нанба!

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім балгерге келіп бір нәрсе сұраса, оның намазы қырық күн бойы қабыл етілмейді!» (Муслим 2230, Ахмад 4/68, 5/380)

Хадистен көріп тұрғанымыздай, кімде-кім балгерге оның айтқанына сенбей жәй барып, бір нәрсе сұраса — оның намазы қырық күн бойы қабыл етілмейді. Ал егер айтқанына сенетін болса, намазы тұрмақ бүкіл ізгі амалдары қабыл етілмейді, өзі діннен шығып кәпірге айналады. Сондықтан, бауырларым, мына базарлардың жанында отырған өтірікші құмалақшылардан сақтаныңыздар! Олар Тозақ отына шақырушылар! Өздері адасқанымен қоймай, басқаларды да сол Тамұққа тартып бара жатыр!

Талдықорған Орталық Мешіті

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға