Қарғыс иесіз қалмайды!

Қарғыс иесіз қалмайды!

Адам аузынан шығатын небір лағынет алдымен көкке көтеріліп, иесін іздейді. Оған аспан есігі жабық болса, жерге қайтып түседі. Жер қабылдамаған соң, мекенін таппаған қарғыс шыққан жеріне, яғни ауыз иесіне оралады. Халқымыздың «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» дейтіні осыдан. Осылайша, кішкентай тілімен-ақ күнәнің зорын адам өзіне оңай жолмен артып алады. Екі адам сөзге келіп, соңында қарғасса, күнәсі дауды бірінші бастаған адамға жазылады.

Ескендір Тасболат

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға