Басып шығаруға арналған нұсқасы

Һижрат деген не?

Һижрат деген не?

عن عَمْرِو بْنِ عَبَسَةَ رضي الله عنه قال: قال رجل: فَأَيُّ الإِيمَانُ أَفْضَلُ؟ قال: الْهِجْرَةُ، قال: فَمَا الْهِجْرَةُ؟ قال: تَهْجُرُ السُّوءَ

Ғамр ибн Ғабаса (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Біреу: «Иман талабына сай істелген амалдың қайсысы абзал?»,-деп сұрағанда, Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Һижрат ету»,-деді.

- Һижрат деген не?

- Жамандық істеуден аулақ болу».

Хадистi Ғамр ибн Ғабасадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ахмад риуаят еттi.[1]

Түсініктеме: Һижрат – қоныс аудару, Отанынан кету.

Шарғи мағынасы: дін талаптарын орындау мақсатында күпірлік билеген жерден мұсылмандық бар жерге қоныс аудару.[2]

Жоғарыда айтылғанға қосымша «һижрат» сөзі «Хақ Тағала тыйым салған нәрсені істеуден бас тарту» деген де мағынаны білдіреді. Исламда екі түрлі һижрат болған. Біріншісі: қауіп-қатер бар жерден қоныс аудару. Бұған мысал ретінде мұсылмандардың бір тобы алғашқы рет Меккеден Хабашстанға (Эфиопияға) қоныс аударуы мен мұсылмандардың Меккеден Мадинаға қоныс аударуын келтірсе болады. Һижраттың екінші түріне дін талаптарын орындау мақсатында күпірлік билеген жерден мұсылмандық бар жерге қоныс аудару жатады.[3]

Шарғи тұрғыдан алғанда күнәдан бас тарту һижраты қоныс аудару һижратынан абзал. Себебі, қоныс аударудың негізгінде күнәға ұрынған ортадан алыстау жатыр.[4]



[1]‏مسند الإمام أحمد، مسند الشاميين، حديث عمرو بن عبسة رضي الله تعالى عنه

[2]صحيح البخاري

[3]تحفة الأحوذي

[4]‏سنن النسائي