Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Нағыз имандылық

Нағыз имандылық

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ نَاسٌ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم فَسَأَلُوهُ: إِنَّا نَجِدُ فِي أَنْفُسِنَا مَا يَتَعَاظَمُ أَحَدُنَا أَنْ يَتَكَلَّمَ بِهِ، قَالَ: أَوَقَدْ وَجَدْتُمُوهُ؟ قَالُوا: نَعَمْ، قَالَ: ذَلِكَ صَرِيحُ الإِيمَانِ

«Сахабалардың бір тобы Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) келіп: «Кейде ойымызға айтуға болмайтын пікірлер келеді»,-дегенде, Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Расында сондай ойлар келіп, оны айтуға ұяласыңдар ма?»,-деді.

- Иә.

- Бұл[1] – нағыз имандылық».[2]

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Муслим риуаят еттi.[3]

Бұл хадис имандылықтың артықшылығын көрсетеді. Себебі, сол сахабалардың жүрегіндегі иман ойға келген түрлі жағымсыз ойдың туындап жатқанынан ұялтып тұр. Иман болмаса пенденің қаперіне «мынау ойым қандай өзі?» деген ой қайдан келсін? Демек, иманды пенде тек ісі мен айтқан сөзін емес, бәлкім ойын пайымдап, оның дін, шариғат талаптарына сай болуын қадағалайды.

Адамның жаман ойына екі нәрсе себеп болады. Біріншісі: адамның өз табиғаты. Яғни, түйсігі мен санасы, ұяты мен тәрбиесі төмен адам жаман ойға беймарал барып, жаман қылықты ойланбстан істей береді. Себебі, оның табиғаты сондай.

Екінші себеп: лағнеті шайтанның уасуасы.

«Уасуас» деген не?

Уасуас – шайтанның пайдасыз әрі зиянды әңгімесі, пенденің жүрегіне салған азғыруы[4] және жаман ой.[5]

Шайтан кімді азғырады? Шайтан бірінші мәселеде иманды жанды азғырып, оны тура жолдан тайдыруға тырысады. Бұл мәселеге қатысты ғалымдар : «Шайтан иманды пендені азғырады әрі шатанның сол уасуасы пенденің иманды екеніне ишара»,-деген.[6] Әрі пенде дінде ықыласты болан сайын лағнеті шайтанның да уасуасы күшее бермек. Ол ол ма? Кейбір ғалымдардың пікірінше шайтан имансыз пенделердің жүрегіне уасуас салып уәре болмайды да. Әрине, ол өзі олсыз да адасқан пендені азғырып қайтсын?!



[1] Яғни, жағымсыз ойды айтудан ұялу. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[2] Өйткені жағымсыз ойды айтудан ұялу және ондай ойдан қорқу – дұрыс нанымның белгісі. Бұл қасиет иманы ақиқат кемелденген адамға тән. Кемел иман күмәнді ойдан сақтайды. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[3]‏صحيح مسلم، 1 - كتاب الإيمان، 13 - باب جامع أوصاف الإسلام، الحديث رقم 62

[4]بصائر ذوي التمييز(5/ 208

[5]المفردات

[6]المفهم (1/ 344- 345

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014