Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы

БӨЛТІРІК ШЕШЕН

БӨЛТІРІК ШЕШЕН

Бөлтірік шешен, тапқыр кісі болған. Бірақ батыр болмаса керек. Оның Бөлтірік батыр атануының себебі; Қырғыз, қазақ бас қосқан, үлкен ас болады. Аста қырғыздың *қосшы*-деген атасының ұлынан, Мәмен батыр найза алып сайысқа шығады.
Мәменді бұрыннан білетін қазақтар сайысқа шыға қоймайды.Сонда Бөлтірік:
--«Атымды әкел, мен шығамын», - дейді.

Ел аң-таң, Бөлтірік ат таңдамай, өзінің мініп жүрген атымен, найза да ұстамай шығады. Мәмен: -*Іліп тастайын*- деп тура сайысуға дайындалады.

Бөлтірік ыңғайланған Мәменге таянып келіп: «Қырғыздың жуан манаптары сені қосшысынып, қазақтың жуандары мені ыстысынып: «Өлсе осы екеуі өлсін, бәйгені біз аламыз», - деп отырғанын көрдің бе?! Таста найзаңды, бәйге сенікі болсын. Мен батамды берейін»,-депті де, өзі қолындағы найзаны жерге тастайды.

Мәмен де найзасын тастап, бата береді деп қолын жайғанда, бөлтірік Мәменді талмау өкпеден бір қойып, аттан түсіріпті де, бәйгені қазақ әкетіпті...

Міне, Бөлтірік осыдан барып батыр атанған.

© Барлық құқық заңмен қорғалған 2014