Тағдырға иман келтірмейінше иманның дәмін сезіне алмайсың

Әл-Уалид ибн Ғубада риуаят етеді: «Мен өлім төсегінде жатқан әкеме кірдім. Ол тым қатты науқас еді. Мен әкеме: «Уа әкетай! Маған не өсиет айтасыз?»-дегенімде, ол: «Мені отырғызыңдар!»-деп бұйырды. Біз оны отырғыздық.

Сонда ол: «Уа балам! Тағдырдағы жақсылық пен жамандық Аллаһ Тағаланың қалауымен болатынына шын иман келтірмейінше сен Хақ Тағаланы шын тани алмайсың әрі иманның дәмін сезіне алмайсың»-деді.

- Уа әкетай! Мен тағдырдағы жақсылық пен жамандықты қалай біле аламын?

- Тағдырыңа жазылғаны болмай қоймайды әрі тағдырыңа жазылмағаны болмайды. Соны біліп қой! Мен Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Аллаһ Тағаланың ең бірінші жаратқаны қалам еді. Ол оған: «Жаз»-деді. Қалам: «Уа, Раббым! Нені жазайын?»-деп сұрағанда, Хақ Тағала: «Қиямет күнге дейінгі болатын әрбір нәрсенің тағдырын жаз»-деп бұйырды». Осы сенімде болмаған күйде көз жұмсаң тозақы боласың.

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға