Дүниеде адамзаттан көркем жаратылыс жоқ

Иса ибн Мұса зайыбын тым жақсы көретін. Күндердің-күнінде ол әйеліне: «Сен айдан да сұлу болмасаң талақсың»-деп қояды. Мұны естіген жұбайы: «Сен мені талақ еттің. Енді маған көз салуыңа болмайды»-деп бөлмесіне қамалып алады.

 Түнін уйымдаған күйде өткізген Иса ибн Мұса азанымен Әл-Мансур халифаға барып, болған жәйтті баяндап: «Уа мүминдердің әміршісі! Зайыбым талақ болса күнім қараңғы. Бұл жағдайда менің өлгенім артық»-деп басына түскен күйінішін білдіреді.

Халифа Әл-Мансур Исаның қамын жеп жанына ғалымдарды шақыртып алады да олардан болған жағдайдың пәтуасын сұрайды. Сонда жиналғанның бәрі: «Талақ түсті»-деген сөздерін айтады. (талақ түсті – яғни, ажырасты) Тек Әбу Ханифаның шәкірттерінің бірі үндеместен отыра береді. Әл-Мансур: «Сен неге үндемейсің?»-деп сұрағанда ол: «Бисмил-ләһир-рохманир-рохим. Інжір және зәйтүнге, Сина тауына және осы бейбіт қалаға серт. Расында Біза дамзатты ең көркем бейнеде жараттық»-деп «Тин» сүресін оқып береді. Кейін: «Демек, бұл дүниеде адамзаттан көркем ешбір жаратылыс жоқ»-дейді.

Сонда Әл-Мансур халифа Исаға: «Аллаһ Тағала сенің мәселеңді шешіп берді. Істің мәні Хақ Тағала айтқанындай. Ені әйеліңе бара берсең болады»-деп, соң әйеліне: «Күйеуіңе бағын! Ол сені талақ етпеді»-деп сәлем айтып жібереді.

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға