Оның әділдігінен басқалар мақұрым болмасын

Куфаның тұрғындары халифа Маамунға оның тағайындаған әкіміне шағымданып келген кезде Маамун: «Менің қызметшілерімнің ішінде осыдан әділі жоқ»-дейді. Сонда арадан біреу: «Уа мүминдердің әміршісі!

Онда оның әділдігінен басқалар мақұрым болып қалмасын. Оны басқа қалаларға да әкім етіп тағайындасаңыз. Сонда әділдіңіздің шарапаты барлығына тең нәсіп болады. Ал бізге оның үш жылдық еткен әділдік еткені жетерлік»-дейді.
Мұны естіген халифа Маамун күліп жіберген екен.

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға