Ибн Жәссастың әпенділігі

Ибн Жәссас Жәуһари — өзінің әпенділігімен әйгілі адам. Былайша айтқанда арабтардың Қожанасыры.
Күндердің-күнінде Ибн Жәссас уәзірге келіп былай деп шағынданады: «Тақсыр! Біз тұрған жерде бір топ ит бар. Олар күндіз-түні үріп мазамызды алады».

Уәзір: «Ондай болса оларды қырып тастаңдар»-дегенде, әпенді: «О не дегеніңіз! Айта көрмеңіз! (сөзбе-сөз) Ит те сіз және мен сияқты емес пе?!»
Күндердің күнінде бір бала Ибн Жәссасқа қолындағы балапанды көрсетіп: «Мынаған қараңызшы! Анасынан айнымай қалыпты»-дегенде, әпенді: «Еркек анасынан ба, әлде ұрғашы анасынан ба?»-деген екен.
Бір күні Ибн Жәссас бадамның дәнін жеп отырады. Бір кезде қолындағы бадамның бір дәні жерге түсіп домалап кетеді. Мұны көрген әпенді таңданып: «Уа Тәңірім! Жаратылғанның бәрі өлімнен қорқады емес пе? Тіпті мынау бадамның дәнінің өзі өмірмен қоштауын қаламайды»-деген екен.
Айнаға қарап тұрған Ибн Жәссас жанындағы біреуге: «Қарашы! Осы менің сақалым өскенбе, өспеген бе?»-деген екен.
- Өзің айнаға қарап тұрсың ғой?
- Рас! Бірақ «сырт көз – сыншы» деген сөз бар емес пе?
Әбу Исхақ есімді бір адамның анасы қайтыс болады. Оған көңіл айтайын деп келгендердің ішінде Ибн Жәссас та болады. Ішке кірген ол: «Уа Әбу Исхақ! Бұл неткен қуаныш!»-деп Әбу Исхақты құшақтай бастайды. Адамдар аң-таң. Біреулер: «Мұның не? Қаралы жиында қуанғаның қалай?»-деп Ибн Жәссасты айыптай бастайды. Сонда әпенді: «Әй, мен Әбу Исхақ өліп қалды деп естідім. Сөйтсем өлген ол емес, оның анасы екен ғой»-дейді.
Әпендінің бұл сөзін естіген жұрт шыдай алмай күліп жібереді.

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға