Ахнафтың байсалдығы

Пайғамбарымыздың с.ғ.с. белгілі сахабасы Ахнаф ибн Қайс р.л.ғ. өзінің жұмсақтығымен әйгілі еді. Оның жұмсақ болғаны соншалық тіпті адамдар оны мүләйімдікте мысал ететін.
Күндердің күнінде біреу келіп Ахнафты балағаттай бастайды. Алайда Ахнаф үндеместен кете береді.

Әлгі адам артынан қалмай келеді. Осылайша олар Ахнафтың тұратын көшесіне жетеді. Сол сәтте Ахнаф оны тоқтаусыз балағаттап жатқан адамға былай дейді: «Уа пәленше! Егер айтарың болса, айтып қал. Бірақ сөзіңді мына көшенің адамдары естіп қалмасың. Естісе сені құртады».
Бір күні Ахнафқа біреу келіп оны сөге бастайды. Ахнаф жауап берместен отыра береді. Осылай біршама уақыт өтеді. Бір кезде Ахнаф: «Уа пәленше! Түскі ас уақыты болды. Қаласаң бірге тамақтанайық»-дейді. Сол кезде ғана әлгі адам астамшылық еткенін түсінеді.

 

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға