Алайда…

Көп адам үмітсізденіп жатады. Алайда Хақ Тағала «Зумар» сүресінің 53-ші аятында: «Уа өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһ Тағаланың рахметінен күдер үзбеңдер»-демеді ме?
Адамның көбі олардың сыры өзгелер үшін беймәлім деп ойлайды. Алайда Аллаһ Тағала «Ғафир» сүресінің 19-шы аятында: «Аллаһ Тағала көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі»-демеді ме?

Әлде біреу жалғызбын деп ойлайды. Алайда Жаратушы Ие «Қоф» сүресінің 16-шы аятында: «Ақиқатында Біз оған күре тамырынан да жақынбыз»-демеді ме?
Біреу бір сәтке болса да елеусіз қалмауын қалайды. Алайда Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 152-ші аятында: «Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын»-демеді ме?
Біреулер қажып жатады. Алайда Хақ Тағала «Шарх» сүресінің 5-ші аятында: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар»-демеді ме?

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға