Омар ибн Абдул-Азиздің кішіпейілдігі

Бірде халифа Омар ибн Абдул-Азиз мешітке келеді. Жанында бір сақшысы бар. мешіт қараңғы болу себебінен Омар ибн Абдул-Азиз жатқан біреуді басып кетеді. Сонда жатқан адам басын көтереді де наразыланып: «Әй, осы сенің есің дұрыс емес болар?»-дейді.

Сонда халифа Омар байсалдықпен: «Жоқ. Есім дұрыс»-деп жауап береді. Осындай мәміленің куәгері болған сақшы халифаға дөрекі сөйлеген әлгі адамды жазалауын қалайды. Сонда халифа Омар ибн Абдул-Азиз былай дейді: «Қажеті жоқ! Ол бар болғаны менен: ««Әй, осы сенің есің дұрыс емес болар?»-деп сұрады. Мен: «Жоқ. Есім дұрыс»-деп жауап бередім. Ондатұрған не бар?»

 

 

 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға