Ұстаз бен шәкірт

Ұстаз бен шәкірт

Шәкірт сұраған екен ұстазынан: - Тамақты қай мөлшерде жейін? - деп.

Ұстазы: - Аштықты басатын, тыңқия тоймайтын мөлшерде.

- Қалай күлгенім дұрыс?

- Күлімдеп, дауысты көтерместен.

- Не себепті жыласам болады?

- Құдайдан қорыққаннан.

- Игі амалымды қай дәрежеде жасыруым қажет?

- Шамаң жеткенше.

- Игі амал істегенімді білдірсем бола ма?

- Иә, өзгелер оны өнеге ететіндей деңгейде.

- Адамдар мақтаса, қуанайын ба?

- Егер адамдар Алла Тағала разы болатын ісің үшін мақтаса.

- Адамдар бір ісім үшін жазғырса, оған күйінейін бе?

- Егер ол іс Алла Тағаланың назарында сауапты болса, онда адамдардың жазғырғанының оқасы жоқ.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға