Жаназа – мал қорадан басталады!

Жаназа – мал қорадан басталады!

Кеше осы жазу біршама сұрақ тудырды. Айтар болсақ, көп адам "жаназа мал қорадан басталады" деген сөзді түсіне алмады.

Бұл сөздің ұғымы: әдетте біреу қайтыс болса, қазақ не істейді? Тауыстарға хабар айтып, содан соң мал союдың қамын ойластыра бастайды. Сонда қорада малы немесе оны сатып алатын ақшасы болса, жақсы. Болмаса, қарыз алып болсада, мал союға тырысады.

Осы дұрыс па? Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мәйіт бар үйде үш күнге дейін қазанның оты жағылмасын деген. Себебі, мәйіт иелері тамақ пісірумен әлек болмауы тиіс. Расында, әкең немесе анаң қайтыс болып жатса, қайдағы ет асу. Ал бізде басқаша!

Бүгінгі күні көп ауылдарда қариялар осы мәселені қолға алып, мәйіт иелері көңіл айтып келген адамдарды тамақтандырумен әлек болмау жағын ұйымдастыра білген. Жақсы, әрі дұрыс емес пе? Бұл жағдайда мәйіт шыққан үйге үш бойы туыстары, көршілері, достары қарасады. Әркім бір табақ ас алып келсе, жаназаға келген жұрттың астану қажеттілігі сонымен-ақ өтеледі. Ертеде осылай болған да!

Осы жағдайда сын мен мін таққыштар болады. Олардың: «Өй, әкесі өлген еді, бір ешкі союғада жарамады»,-деген сөзіне мән бермеу керек! Сол мал басқа күні сойылсада, жарасады!

Жаназада мал сойылу маңызды екен, сол сын таққандар өз үйінен сол малды алып келіп, сойсын! Тауыс, дос, жанашыр осындай болады! Осылай ете алмайды екен, онда елді дүрліктірмесін!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға