Әйелдер жайында!

Әйелдер жайында!

Зингмунд Фрейд, австриялық психолог: «Әйелдер бар болғаны еркектердің нәпсісін қандыру үшін ғана жарайды».

Грек философы Аристотельдің ойынша, әйел – табиғат қателігі.

Максим Горький, өзінің «Әйелдер» кітабында былай деген: «Яһудилердің дұғалар кітабында мынадай дүға бар: «Уа, Тәңірім! Мені әйел етіп жаратпағаныңа шүкір!»

Ал Исламда әйелзат жайында не айтылған?

Алла Тағала айтады: «Ерлердің әйелдерге қатысты құқықтары болғандай, әйелдердің де ерлерге қатысты құқықтары бар». «Бақара», 228 аят.

«Әйелдерге жақсылық істеңдер». «Ниса», 197 аят.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Әйелдерге үнемі жақсылық істеңдер. Олар сендер үшін аманат».

«Жәннат аналардың табанының астында».

«Амалдардың абзалы – ата-анаға жақсылық істеу».

Осылай бола тұра, өзге дін өкілдерін айтпаймын, өзін «мен - мұсылманмын» дегендер кейбірі Ислам әйелзатты қорлайды деген көзқарасты ұстанады. Оларға айтарым: «Адамның сөзі – өзі. Тиіп-қашты сөзге ерместен, дініңді үйренсеңші!»

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға